about us icon Пресс-центр

Новости

news image

Жангелдин аудандық ауруханасының эпидемиолог көмекшісі Бимаганбетова Жанар Баяхметовна маймыл шешек ауруы жайында.

  Маймыл шешегі – маймыл шешегі вирусынан туындайтын зооноздық (адамға жануарлардан жұғатын) жұқпалы ауру. Алғаш рет маймыл шешегі 1958 жылы зертханалық маймылдар колониясында, ал адамдарда 1970 жылы анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінге дейін маймыл шешегі әлемнің 75 елінде анықталған, 16 мыңнан астам жұқтырған және 5 адам қайтыс болған. Көбінесе инфекция Еуропа мен […]

19, сентября 2024

 

Маймыл шешегі – маймыл шешегі вирусынан туындайтын зооноздық (адамға жануарлардан жұғатын) жұқпалы ауру.
Алғаш рет маймыл шешегі 1958 жылы зертханалық маймылдар колониясында, ал адамдарда 1970 жылы анықталды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінге дейін маймыл шешегі әлемнің 75 елінде анықталған, 16 мыңнан астам жұқтырған және 5 адам қайтыс болған. Көбінесе инфекция Еуропа мен Америкада анықталады, ерлер арасында жиі кездеседі.
Аурудың симптомдары:
Қызуы көтерулуі, Қатты бас ауруы,Бұлшықет ауруы,Арқадағы ауырсыну, Әлсіздік, Лимфа түйіндерінің ұлғаюы,Тері бөртпелері мен зақымдануы
Аурудың жеңіл түрінде симптомдары бірнеше апта ішінде емдеусіз жазылуы мүмкін. Ауыр жағдайларда асқынулар болуы ықтимал, мысалы:
тері инфекциялары,пневмония,ақыл-есінжоғалту,көз инфекциялары,көру қабілетінің жоғалуы,өлім-жітім
Кез келген адамда маймыл шешегіне ұқсас белгілер байқалған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Тәуекел топтары (инфекция жұқтыру қаупі жоғары):
Иммунитетінде тапшылық бар адамдар
Жаңа туылған нәрестелер мен балалар
Медицина жұмыскерлері
Инфекцияның таралу көздері мен жолдары:
Инфекцияның таралу көзі – ауру маймылдар мен ауру жұқтырған адамдар.
Берілу жолдары:
Контакт жасау арқылы:
Тұрмыстық жағдайда:
Жыныстық жолмен.
Жүктілік кезінде вирус іштегі нәрестеге плацента арқылы берілуі мүмкін
Босану кезінде немесе босанғаннан кейін «теріге тері» тию арқылы балаға берілуі мүмкін.
Өзіңізді және өзгелерді қалай қорғай аласыз?
Маймыл шешегі көп таралған елдерге барудан бас тартыңыз!
Маймыл шешегімен ауыруы расталған немесе күдігі бар адамдармен қарым-қатынасыңызды шектеңіз.

Контакты

ГКП на ПХВ "Джангельдинская районная больница"

Адрес:

РК, с. Торгай ул. Кайнекея 20