Жангелды аудандық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары, кардиолог-реабилитолог дәрігері Сопыбекова Акниет Рахымовна, 20 жылдық тәжірибесі бар мықты маман иегері жүректің ишемиялық ауруы жайлы түсіндірді.
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) созылмалы инфекциялық емес аурулардың бірі болып табылады, қанның жетіспеушілігімен және коронарлық артериялардың жиі зақымдануынан жүрек бұлшықетінің зақымдануымен сипатталады. Бұл әртүрлі ауырлықтағы коронарлық артериялардың атеросклерозына әкеледі. ЖИА — бұл стенокардиядан миокард инфарктісіне дейін, әртүрлі асқынулары бар көптеген патологиялық жағдайларды қамтитын кең ұғым.
Аурудың негізгі себебі — коронарлық артериялардың атеросклерозбен зақымдануы, тамырларда холестеринді бляшкалар пайда болады; Біраз уақыттан кейін бляшка орнында қан ұйығы пайда болуы мүмкін, ол артерияны ішінара немесе толығымен жауып тастайды және жүрек бұлшықетіне оттегі беруді тоқтатады.
Жүректің ишемиялық ауруына стенокардия және оның түрлері, жүректің жедел қантамырлық жеткіліксіздігі, созылмалы тамыр жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, рефлекторлық стенокардия аурулары жатады.