26 мамыр – Дәрігер – балалардың жанашыры күніне орай Жангелдин аудандық ауруханасында ашық есік күні өтті
26 мамыр күні Жангелдин аудандық ауруханасында «Дәрігер – балалардың жанашыры» атты ашық есік шарасы ұйымдастырылды. Шара аясында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі акциялар өткізілді. Аурухананың педиатры Серік Ғизат Дулатқызы аудандық балабақшаға арнайы барып, бүлдіршіндермен кездесті.
Кездесу барысында дәрігер балаларға дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, дене белсенділігі секілді салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын түсіндірді. Балалармен ойын түрінде әңгімелесіп, олардың денсаулыққа байланысты сұрақтарына жауап берді.
Мұндай іс-шаралар балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда, сондай-ақ ерте жастан дұрыс өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.