about us icon Пресс-центр

Новости

news image

Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті 2025 жылдың 14 маусым күні Жангелдин аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында аудандық аурухананың білікті мамандарының еңбегі лайықты бағаланып, мерекелік марапаттар табысталды. Атап айтқанда, аурухана ұжымының бірқатар қызметкерлері төмендегі марапаттарға ие болды: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Альназарова Ақмарал Шарипбаевнаның Алғыс хаты; […]

14, июня 2025

Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

2025 жылдың 14 маусым күні Жангелдин аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында аудандық аурухананың білікті мамандарының еңбегі лайықты бағаланып, мерекелік марапаттар табысталды.

Атап айтқанда, аурухана ұжымының бірқатар қызметкерлері төмендегі марапаттарға ие болды:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Альназарова Ақмарал Шарипбаевнаның Алғыс хаты;

Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жандиев Данияр Серіковичтің Құрмет грамотасы;

«AMANAT» партиясының Жангелдин аудандық филиалының төрағасы Сүндетбаев Ғабит Күдербайұлы табыстаған «AMANAT» партиясының Алғыс хаты.

Марапаттарды салтанатты түрде табыстаған:

Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Алматов Еренбол Қайырбекұлы;

Жангелдин аудандық мәслихатының төрайымы Ержігітова Анар Мұратқызы;

«AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сүндетбаев Ғабит Күдербайұлы;

Жангелдин аудандық ауруханасының бас дәрігері Маметова Эльмира Сапельовна.

Медицина саласының үздік мамандарына көрсетілген бұл құрмет – олардың кәсіби шеберлігі мен халық денсаулығын сақтау жолындағы адал еңбегінің айғағы. Шара барысында ақ халатты абзал жандарға жүрекжарды лебіздер айтылып, жылы шырайлы құттықтаулар мен алғыстар білдірілді.