Бүгін Жангелдин аудандық ауруханасы JAC Sunray «жедел жәрдем» реанимобилі жаңа реанимобильмен толықтырылды.Бүгінгі жаңа реанимомобильдің кілтін табыстауға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұхаметқали Ринат Зәкиұлы және
Қостанай облысының офтальмология бас дәрігері Жусупов Чингизхан Зейнелович қатысты.
Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған құны 62 миллионды құрайтын JAC Sunray «жедел жәрдем» реанимобилі Денсаулық сақтау министрлігінің стандарттары бойынша жабдықтармен жарақтандырылған. Бортта әрқайсысының сыйымдылығы 10 литр болатын екі кислородты баллонды, ингаляторлардың екі жиынтығы, шығын өлшегіштер мен ылғалдандырғыштар, жасанды өкпе аппараты, 2 қосылу терминалын қамтитын оттегімен жабдықтау жүйесі орнатылған. Сонымен қатар, автомобиль ультракүлгін бактерицидтік шаммен, жарықдиодты жарықпен, төбені мәжбүрлі желдетумен, сондай-ақ роликті арбамен жабдықталған. «Реанимобиль» нұсқасындағы JAC электрокардиографтар мен желдеткіштер сияқты мамандандырылған реанимациялық жабдықтармен ерекшеленеді — алдағы уақытта халықтың игілігі үшін қызмет ететін болады.