🦠 Құтыру (Бешенство) – Өмірге қауіпті инфекциялық ауру
⠀
Құтыру – жабайы және үй жануарларынан адамға жұғатын ауыр вирустық ауру. Бұл жүйке жүйесін зақымдап, дер кезінде емделмесе өлімге әкелуі мүмкін.
⠀
📌 Ауру қалай жұғады?
— Ит, мысық, түлкі, қасқыр және басқа да жануарлар тістегенде немесе тырнағанда;
— Ауырған жануардың сілекейі жара немесе шырышты қабыққа түскенде.
⠀
📌 Алғашқы белгілері:
— Әлсіздік, бас ауруы, температура;
— Тістелген жердің жансыздануы, ашуы;
— Қорқу, судан шошу, жарыққа сезімталдық, қалтырау.
⠀
⚠️ Емделмеген жағдайда ауру 100% өлімге соқтырады.
⠀
✅ Алдын алу шаралары:
— Үй жануарларын жыл сайын вакцинациялау;
— Жабайы жануарлармен байланыстан аулақ болу;
— Жануар тістеген жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну және құтыруға қарсы вакцина алу.
⠀
📞 Есіңізде болсын: Құтыру – алдын алуға болатын ауру. Жауапкершілік танытыңыз!
⠀
#Құтыру #Бешенство #Вакцинация #Денсаулық #Қауіпсіздік #Медицина












