Бүгін Жангелдин аудандық ауруханасында онкологиялық аурулардың бірі — саркома жайында кең көлемде түсіндіру шарасы өткізілді. Аурухананың медицина қызметкерлері жиналған тұрғындарға саркоманың белгілері, себептері, диагностикасы және алдын алу жолдары туралы ақпарат берді.
🔍 Саркома — бұл сүйек пен жұмсақ тіндерден дамитын қатерлі ісік. Ерте анықтау — емнің тиімділігін арттыратын маңызды қадам.
✅ Шара барысында келесі тақырыптар қозғалды: • Саркоманың алғашқы белгілері қандай?
• Қандай жағдайда дәрігерге қаралу қажет?
• Алдын алу жолдары мен салауатты өмір салтының маңызы.
🩺 Түсіндіру шарасының мақсаты — тұрғындардың онкологиялық сауаттылығын арттыру, аурудың алдын алуға назар аудару.
📌 Денсаулығыңыз — өз қолыңызда. Аурудың алдын алу — ең тиімді ем!














