about us icon Пресс-центр

Новости

news image

Жангелдин аудандық ауруханасында саркома туралы түсіндіру жұмыстары өтті

Бүгін Жангелдин аудандық ауруханасында онкологиялық аурулардың бірі — саркома жайында кең көлемде түсіндіру шарасы өткізілді. Аурухананың медицина қызметкерлері жиналған тұрғындарға саркоманың белгілері, себептері, диагностикасы және алдын алу жолдары туралы ақпарат берді.

25, июля 2025

🔍 Саркома — бұл сүйек пен жұмсақ тіндерден дамитын қатерлі ісік. Ерте анықтау — емнің тиімділігін арттыратын маңызды қадам.

✅ Шара барысында келесі тақырыптар қозғалды: • Саркоманың алғашқы белгілері қандай?
•⁠ ⁠Қандай жағдайда дәрігерге қаралу қажет?
•⁠ ⁠Алдын алу жолдары мен салауатты өмір салтының маңызы.

🩺 Түсіндіру шарасының мақсаты — тұрғындардың онкологиялық сауаттылығын арттыру, аурудың алдын алуға назар аудару.

📌 Денсаулығыңыз — өз қолыңызда. Аурудың алдын алу — ең тиімді ем!