🇰🇿 Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл жағдайында жазаны күшейтуді тапсырды. Бұл – ақ халатты абзал жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
🩺 Дәрігерлерге , мейірбикелерге, фельдшерлерге, жедел жәрдем қызметкерлеріне және басқа да барлық медициналық мамандарға күш көрсету – енді заң бойынша қатаң жауапкершілікке тартылады.
Президент өз сөзінде:
«Медицина қызметкерлерінің өміріне, денсаулығына және кәсіби қызметіне қауіп төндіретін кез келген әрекетке заң аясында түбегейлі тосқауыл қойылуы тиіс», – деп атап өтті.
⚖️ Осыған байланысты Денсаулық сақтау, Ішкі істер және Әділет министрліктеріне тиісті заңнамалық өзгерістерді шұғыл түрде әзірлеп, енгізу тапсырылды.
🛡️ Дәрігерлерді, мейірбикелерді, фельдшерлерді және өзге де ақ халатты жанкешті жандарды қорғау – бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізі.











