Кеше, 4 шілде күні, “AMANAT” партиясының қолдауымен Арқалық қаласынан арнайы келген дәрігер-мамандар — кардиолог, стоматолог, невропатолог және психиатр Жангелдин ауданының Торғай және Сужарған ауылдарында Жылжымалы медициналық кешен арқылы жергілікті халыққа медициналық қызмет көрсетті.
👨⚕️👩⚕️ Ауыл тұрғындары дәрігерлерге келіп, тексеруден өтіп, кеңес алып, қажетті ем-шаралар мен тағайындауларын алды.
Халық тарапынан үлкен қызығушылық пен алғыс білдірілді.
Бұл шараның басты мақсаты — ауылдық елді мекендерге сапалы медициналық қызметті қолжетімді ету, алдын алу жұмыстарын күшейту.
🙏 Барша келген тұрғындарға және мамандарға алғысымызды білдіреміз!
#ЖангелдинАуданы #АуылДенсаулығы #ПМК #Аманат #Медицина2025 #АрқалықДәрігерлері #Сужарған #торғайауылы












