2025 жылдың 14 маусым күні Жангелдин аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында аудандық аурухананың білікті мамандарының еңбегі лайықты бағаланып, мерекелік марапаттар табысталды.
Атап айтқанда, аурухана ұжымының бірқатар қызметкерлері төмендегі марапаттарға ие болды:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Альназарова Ақмарал Шарипбаевнаның Алғыс хаты;
Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жандиев Данияр Серіковичтің Құрмет грамотасы;
«AMANAT» партиясының Жангелдин аудандық филиалының төрағасы Сүндетбаев Ғабит Күдербайұлы табыстаған «AMANAT» партиясының Алғыс хаты.
Марапаттарды салтанатты түрде табыстаған:
Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Алматов Еренбол Қайырбекұлы;
Жангелдин аудандық мәслихатының төрайымы Ержігітова Анар Мұратқызы;
«AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сүндетбаев Ғабит Күдербайұлы;
Жангелдин аудандық ауруханасының бас дәрігері Маметова Эльмира Сапельовна.
Медицина саласының үздік мамандарына көрсетілген бұл құрмет – олардың кәсіби шеберлігі мен халық денсаулығын сақтау жолындағы адал еңбегінің айғағы. Шара барысында ақ халатты абзал жандарға жүрекжарды лебіздер айтылып, жылы шырайлы құттықтаулар мен алғыстар білдірілді.