БАЯНДАМА
Тақырыбы: Репродуктивті денсаулық апталығы аясында жүргізілген жұмыстар туралы
Өткізілген орны: Жангелдин аудандық ауруханасы
Баяндамашы: акушер-гинеколог дәрігер Кабулова Күланда Мухамеджановна
2025 жылдың 12 мен 16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында Репродуктивті денсаулық апталығы бастау алды. Бұл апталықтың негізгі мақсаты – халық арасында, әсіресе әйелдер арасында репродуктивті денсаулықты сақтау, отбасы жоспарлау, қауіпсіз ана болу және ерте жастағы жүктіліктің алдын алу туралы кеңінен ақпарат тарату.
Жангелдин аудандық ауруханасында аталмыш апталыққа байланысты белсенді түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ауруханамыздың білікті маманы, акушер-гинеколог Кабулова Күланда Мухамеджановна тұрғындармен кездесіп, әйелдерге арнап бірқатар пайдалы және мазмұнды кездесулер ұйымдастыруда.
Өткізілген іс-шаралар аясында:
Репродуктивті денсаулық дегеніміз не және оны қалай сақтау керек туралы лекциялар оқылды;
Жүктілікке дейінгі дайындық және жүктілік кезеңіндегі күтім