about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

2025 жылдың 14 маусым күні Жангелдин аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында аудандық аурухананың білікті мамандарының еңбегі лайықты бағаланып, мерекелік марапаттар табысталды. Атап айтқанда, аурухана ұжымының бірқатар қызметкерлері төмендегі марапаттарға ие болды: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Альназарова Ақмарал Шарипбаевнаның Алғыс хаты; Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы […]

14, Маусым 2025

2025 жылдың 14 маусым күні Жангелдин аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында аудандық аурухананың білікті мамандарының еңбегі лайықты бағаланып, мерекелік марапаттар табысталды.

Атап айтқанда, аурухана ұжымының бірқатар қызметкерлері төмендегі марапаттарға ие болды:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Альназарова Ақмарал Шарипбаевнаның Алғыс хаты;

Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жандиев Данияр Серіковичтің Құрмет грамотасы;

«AMANAT» партиясының Жангелдин аудандық филиалының төрағасы Сүндетбаев Ғабит Күдербайұлы табыстаған «AMANAT» партиясының Алғыс хаты.

Марапаттарды салтанатты түрде табыстаған:

Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Алматов Еренбол Қайырбекұлы;

Жангелдин аудандық мәслихатының төрайымы Ержігітова Анар Мұратқызы;

«AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сүндетбаев Ғабит Күдербайұлы;

Жангелдин аудандық ауруханасының бас дәрігері Маметова Эльмира Сапельовна.

Медицина саласының үздік мамандарына көрсетілген бұл құрмет – олардың кәсіби шеберлігі мен халық денсаулығын сақтау жолындағы адал еңбегінің айғағы. Шара барысында ақ халатты абзал жандарға жүрекжарды лебіздер айтылып, жылы шырайлы құттықтаулар мен алғыстар білдірілді.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Джангельдинская районная больница"

Мекен-жайы:

РК, с. Торгай ул. Кайнекея 20